04.04.2025
Оқушыларға тек диеталық пайдалы тағамдар ұсынылады. Бұл балалардың дұрыс тамақтануы мен қауіпсіздігі үшін сеп болмақ.
— Бүгінгі ас мәзірі бойынша ыстық тағамға көкөніс бұқтырмасы, сусынға с дәрумені қосылған кисель және бидай ұнынан жасалған нан ұсынылады . Бұл тағамдар әр балаға жас ерекшеліктеріне сай өлшеніп беріледі. Мысалы 1-4 сынып оқушыларына 200 грамм, 5-11 сыныпты 250 грамм ыстық тағаммен қамтамасыз етеміз,- деді асхана менеджері Райхан Абдрахманова.

