«Кибер Тұмар» республикалық акциясын — цифрлық қауіпсіздікке, сауаттылыққа және оқушыларды болашақ мамандықтарымен таныстыруға арналған күнді өткізуге бастама жасайды.
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Кибер Тұмар» республикалық акциясын — цифрлық қауіпсіздікке, сауаттылыққа және оқушыларды болашақ мамандықтарымен таныстыруға арналған күнді өткізуге бастама жасайды.
Акция «Қазақстан балалары» ауқымды бастамасы шеңберінде өтеді және цифрлық мәдениетті ілгерілету және өскелең ұрпақ арасында IT-құзыреттілігін дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болады.
Күні бойы Қазақстанның цифрлық экожүйесінің жетекші ұйымдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Astana Hub, «Қазақтелеком» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты (АФИ), «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және басқа да ұйымдар балалар мен жасөспірімдерге өз есігін айқара ашады. Экскурсиялар мен практикалық сабақтарда оқушылар заманауи дата-орталықтардың қалай жұмыс істейтінін, цифрлық сервистердің қалай құрылатынын, интернеттің негізінде қандай технологиялар жатқанын және жасанды интеллекттің бүгінгі күні қалай дамып жатқанын көре алады.




